Created: 15 Қазан 2020
352

Басшылық

 

Сүлейманқұл Ержан Кәріғұлұлы – «Береке» колледжінің директоры.

 

Білімі жоғары – И.Раззаков атындағы Қырғыз Техникалық Университетін «Көлік құралдарын пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Халықтар достығы Қазақ инженерлік-педагогикалық университетін «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 06.01.2016 ж. бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Еңбек жолын 1995 жылы Қордай АТП-да автослесарь, жүргізуші болып бастаған. «Валют Транзит» жинақтаушы қорында менеджер, «Валют Транзит Полис» Сақтандыру қорында, «Номад Иншуранс» сақтандыру компаниясында апатты комиссар болып істеген.

2011 жылдан бері «Береке» гуманиралық-техникалық колледжінде жұмысістейді. Басшылық қызметті 2016 жылдан бері атқарады. Екінші кәсібилік категориясы бар.

Колледж директорының басқарушылық қызметінің бағытын білім мекемесінің миссиясы белгілейді, ол оқытудың озық технологиялары базасында сапалы орта-кәсіптік білім беруді қамтамасыз етуді, кәсіби біліктілігі жоғары оқытушылар құрамын тартуды, студенттердің жеке-дара қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып заманауи техникалық құралдарды қолдануды көздейді.

Мекеменің басты мақсат-міндеттері:

-орта кәсіптік білім алу арқылы тұлғаның зияткерлік, мәдени, физикалық және адами дамуының қажеттіліктерін қанағаттандыру;

-қоғамның орта кәсіптік білімі бар мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру;

-студенттердің азаматтық позициясы мен еңбекққорлығын қалыптастыру, жауапкершілігін, дербестігін және шығармашылық белсендігін дамыту;

-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, сондай-ақ шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу мен кадрлық қамтамасыз ету;

-мамандарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін арттыру;

-тұрғындар арасында білім тарату, оның білім және мәдени деңге      йін жоғарылату;

-тұлғаның толыққанды дамуы үшін студеттің отбасымен өзара әрекет ету;

-қоғамның адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау мен дамыту.

Колледж миссиясын жетістікпен орындау үшін студент тұлғасын қалыптастыру, оның құндылықтарын мойындау педагог тұлғасына байланысты екенін түсіне білу керек. Сондықтан Е.К.Сүлейманқұл өзінің қызметін педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға және олардың еңбегін оңтайлы мотивациялауға бағыттайды.

Колледжді басқаруда ғылыми әдістер мен басқарудың заманауи технологияларын қолданады. Міндеттерді айқындауда колледжді басқарудың келесі ерекшеліктерін есепке алады:

-дәстүрлі қызмет (бүгінгі мен келешектің мүддесін көздей отырып өткеннің ең жақсысын сақтап қалу);

-инновациялық қызмет (кез-келген технологияларды енгізудің алдында мықтап түйсініп алу);

-жобалық қызмет (ұжымның ықтималды мүмкіндіктерін қолдану).

Білім беру процессін ұйымдастырудың ең басты құраушы бөлігі мәдени-адамгершілік дәстүрлерді, педагогикалық технологиялардың инновациялығын анықтайтын, стратегиялардың жасап шығарылуы мен жүзеге асырылуы және ұйымның даму тактикасына жауап беретін кадрлық әлеует деп есептейді.

Қазіргі жағдайда оқытушы-пән мұғалімдері ұжымын қалыптастырумен қатар тәрбиелеу, білім беру эәне өндірістік технологиялардың жоғары интеграциясын қамтамасыз ететін мамандар дайындауға талпынады. Бүгінде қалыптасқан үрдістер шегінде арнайы білімді меңгерген педагогтар емес, кәсіби-педагогикалық қызметтің әртүрлі формалары мен тәсілдерін білетін, өзгеріп отыратын педагогикалық мақсат-міндеттерді, соның ішінде бүгінгі таңдағы стандартты емес жағдайда шығармашыл шешім қабылдай білу үшін салалық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік білімі бар мамандар қажет.

Колледж көрсетілетін қызметтің жоғары сапасына қол жеткізу үшін өз қызметін әрдайым жетілдіруге тырысады. Ұжым бірнеше жыл бойы, мақсатты түрде «Колледж жағдайында инновациялық технологияларды қолдану негізінде болашақ мамандарды дайындау сапасын арттыру» әдістемелік тақырыбын жүзеге асырумен айналысады. Оқыту процессінде заманауи педагогикалық технологияларды апробациялау мен енгізу бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Колледждегі ғылыми-әдістемелік жұмыс педагогтың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Колледжде кәсіби, интеллектуалды және шығармашылыққа жақын құзырлы, толерантты, еңбексүйгіш тұлғаны қалыптастыруға; өз елі үшін жауапкершілікті сезіне білетін Қазақстан Республикасының азаматы әрі патриотын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс жүйесі қалыптасқан.

Сүлейманқұл Е.К.өзінің кәсіби деңгейін әрдайым жоғарылатып отырады: соңғы үш жыл ішінде педагогикалық шеберлік курстарынан өткен соң төрт сертификат иеленген. Бірнеше мәрте «Nur Otan» партиясы  облыстық және аудандық филиалдарының, мәслихаттар, әкімдіктердің  Грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталған. Мәслихаттың 25 жылдығы медалінің иегері.

Сүлейманқұл Е.К. Қордай аудандық мәслихатының 6-шақырылымының депутаты болып табылады.

 

 

 

Намазова Аида Омуркуловна – колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Білімі жоғары – Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Мемлекеттік Ұлттық Университетін бітірген, мамандығы – тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы.

Университетті аяқтаған соң «Мээрим» Қайырымдылық қорында ерікті болды. 2002 жылдан бастап «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжінде тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы болып істеді. 2006 жылдан бастап «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Жоғары кәсіби біліктілігі бар.

2018 жылдан бюері «Талап» НАО штаттан тыс тренері.

Колледждің оқыту-тәрбиелеу жұмысы барысында өз қызметіндегі басымдық бағыттар  студенттердің шығармашылық бастамаларын алға жылжыту керек деп есептейді. Студенттергебағдарланған әдіс-тәсілдер оқытушылар құрамының мазмұнын, түрлерін және әдістерін жетілдіруге жетелейді. Оқушылар арасында қазақстандық патриотизм мен азаматтық позиция, саяси және құқықтық, рухани-адамгершілік мәденит, салауатты өмір салтын қалыптастыруға көп көңіл бөледі.

Сонымен қатар кәсіби практиканы ұйымдастыру бойынша жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік орнату, олардың тапсырысы бойынша кадрлар дайындаубойынша белсенді жұмыс жүргізеді, жұмыс берушілердің қатысуымен олардың бағдарлы жұмысына қатысады. Бітірушілерді жұмысқа орналастыру қызметінің жетекшісі болып табылады.

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу» мамандығы бойынша дуальді бағдарламаны енгізуде «Бақытты балалық» - «Счастливое детство» бағдарламасы аясында аудандық семинарларға қатысады.

Белсенді жұмысы үшін аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Ресурстық орталығының» Алғыс хатымен, өскелең ұрпақтыоқыту мен олардың қазақстандық патриотизм және отансүйгіштік сезімін қалыптастырудағы жемісті еңбегі үшін «Nur Otan» партиясы Қордай аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін Қордай аудандық мәслихатының Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетовтың Алғыс хатымен (Нұр-Сұлтан қ., 2019 ж.) марапатталған.

 

Дургалова Камиля Махамбетовна – колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Білімі жоғары – Ж.Баласағұн атындағы ҚМҰУ лингвист, «Шет тілдер мәдениеттерді оқытудың теориясы мен методикасы» мамандығы бойынша оқытушы (Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация»). 2014 жылы «Психология» бағыты бойынша магистр дәрежесі берілген. 2015 жылдан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.

2015 жылы бірінші кәсіби категория берілген.

Дургалова К.М. педагогикалық шеберлікті жетілдіруге талпынады, өз қызмет нәтижелері үшін жоғары жауапкершгілігімен ерекшеленеді. Негізделген теориялық дайындық, әрбір сабақты жүргізуде әдістер мен тәсілдерді жіті талдау, қосымша материалдарды қолдана білушілігі оның пәндерін қызықты, мазмұнды, продуктивті ете түседі. Оқытушы материалды жеткізе біледі, эмоциямен, оқушыларды пәнді терең үйренуге жетелейді. Күрделі педагогикалық мәселелерді шешудегі дербес тәсілдері шығармашылық біркелкіліктен алыстап, студенттердің жетістіктерін болжап отыруға мүмкіндік береді.

Камиля Махамбетовна әртүрлі деңгейдегі топтарда жұмыс істейді және оқытудың озық технологияларын енгізу арқылы оңды жетістіктерге қол жеткізеді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың әдістері мен тәсілдерін таңдайды. АКТ технологиялар, денсаулықсақтаушы технологиялар, критикалық ойлау технологияларын біледі және іс жүзінде қолданады.

Дургалова К.М. өзінің өзіндік білім алу бойынша «Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық-коммунакациялық технологияларды пайдалану» тақырыбында тәжірибесін жинақтаған, «Шетел тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер» ғылыми-практикалық семинарында сөз сөйледі, педагогикалық оқуларға қатысып, әдістемелік жиналыстарда «Ағылшын тілін оқытудағы компьютерлік технологияларды пайдалану» атты баяндамамен сөз сөйледі, жүйелі түрде баспасөзде мақала жариялайды, «Инновациялық технологиялар және озық шешімдер» атты жас ғалымдардың жоғары оқу орындары арасындағы ІІ-ші ғылыми-практикалық конференция-байқауының жұмысына қатысып, ІІ-ші жүлделі орын иеленді, «Ең үздік жас оқытушы» аудандық кәсіпік байқауына қатысты.

Көптеген әдістемелік еңбектері бар: «Ағылшын тілі сабақтарындағы ойындар жинағы», «Әріптестікте оқыту (cooperativelearning)», «Ағылшын тілі сабағында АКТ пайдалану» және т.б. «HAPPYENGLISH» үйірмесінің жұмысын басқарады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру аясында студенттер арасында «Таза сессия», «Адалдық алаңы» жастар акцияларын, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлтаралық келісімді қолдауға бағытталғане шаралар ұйымдастырады.

Кәсіби біліктілік, пәнде құмарлық, кең эрудиция, бауырмалдық, еңбекқорлық, жауапкершілік, мақсат қоя білушілік, оған қол жеткізу жолдарын таңдау, ұйымшылдық және табандылық тәріздік К.М.Дургалованың қасиеттері құрметке ие және оқытушылар, білім алушылар мен ата-аналар арасында беделін арттыра түсуде.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. 2016 жылдан бастап Жамбыл облысы, Қордай ауданының «Ахысқа» түрік этномәдени орталығы ҚБ филиалының директоры.

Келесі наградалары бар:

«Ең үздік жас оқытушы – 2014» аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін және ағылшын тілі бойынша олимпиадада бірінші орын иеленгені үшін Алғыс хаттар.

«Nur Otan» атынан Қордай ауданының қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін Құрмет грамотасы, «Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар» тақырыбындағы аудандық конференцияға белсене қатысқаны үшін Құрмет грамотасы.

Жас ғалымдар арасындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшіен ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған (Халықаралық инновациялық технологиялар университеті, Бішкек қ., 2014 ж.).

Облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағы филиалынан Құрмет грамоталары бар. «АзТурк» эктномәдени орталығынан Қордай ауданының мәдени және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасын алған.

«Nur Otan» партиясы облыстық, аудандық филиалдарының, аудан әкімдігінің, мәслихаттың Алғыс хаттарымен бірнеше мәрте марапатталған.

Білім беру саласындағы қомақты үлесі және оқушылар арасында ұйымдастырылған Республикалық Онлайн Олимпиадаға жүлдегерлер дайындағаны үшін ұйымдастырушылық комитет төрайымы М.Махмудовадан Алғыс хат алған (Нұр-Сұлтан қ., 2020 жыл).